Ұлттық статистика бюросында зерттеушінің кабинеті ашылды

Ұлттық статистика бюросында зерттеушінің кабинеті ашылды

Зерттеушінің кабинеті Астана және Алматы қалаларында Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелерінде ашылды.

Енді қазақстандық және халықаралық зерттеушілер ғылыми зерттеулер жүргізу үшін сәйкестендірілмеген деректерге қол жеткізе алады. Бұл Қазақстанда ғылыми ортаны дамыту үшін ғана емес, халықаралық зерттеу қауымдастықтары үшін де елеулі мүмкіндіктер туғызады.

Зерттеушілер stat.gov.kz (https://stat.gov.kz/research-activities/instruction/) сайтындағы пайдаланушы кабинеті арқылы өтініш бере алады. Келісім берілгеннен кейін оларға деректердің құпиялылығы мен қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін нақты жеке және заңды тұлғаларды сәйкестендіру мүмкіндігі алынып тасталған, өңделген деректер қолжетімді болады.

Халықаралық ұйымдар бұл дерекқорларды тек арнайы жабдықталған зерттеу кабинетінде пайдалана алады, бұл бақыланатын және қорғалған зерттеу ортасын құруға ықпал етеді. Бұл шешім ғылымның дамуына қолдау жасап, зерттеу жобалары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, сондай-ақ ғылыми ынтымақтастықты нығайта отырып, қазақстандық және шетелдік ғалымдар арасында білім алмасу процесіне ықпал етеді.