Ұлттық статистика бюросының қызметкерлері республикалық спартакиадада жүлделі орындарға ие болды

Ұлттық статистика бюросының қызметкерлері республикалық спартакиадада жүлделі орындарға ие болды

Ұлттық статистика бюросының үш қызметкері 19-22 қыркүйекте өткен орталық мемлекеттік органдар арасындағы республикалық спартакиаданың жүлдегерлері атанды.

Биыл спартакиада мемлекеттік қызметшілердің 27 командасының басын қосып, жеті спорт түрі бойынша өтті: футбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, армрестлинг және қазақ күресі. Бюро қызметкерлері жеке және командалық құрамда тамаша нәтиже көрсетті.

  • Камилла Каненова – қыздар арасында тоғызқұмалақ ойыны бойынша 1-орынды жеңіп алды, сондай-ақ командалық есепте Бюро қызметкерлері 3-орынды иеленді.
  • Елдос Жапархан – 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде армрестлинг бойынша 2-орынды иеленді.
  • Айбек Қалиев – қазақша күрестен 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде 3-орын алды.

Әріптестерімізді лайықты жеңісімен құттықтаймыз, спорт пен қызметте табыстан табысқа жете беруін тілейміз!