
«Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 2024 жылғы қаңтар-тамызда өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 105,5% құрады.
Саланың жалпы көлеміндегі елеулі үлес көтерме саудаға тиесілі – 67,2%, бөлшек сауданың үлес салмағы – 32,4%.
Бөлшек сауда көлемі 2024 жылғы қаңтар-тамызда 12 731,9 млрд теңгені құрады немесе 2023 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 6,8% артық болды. Саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 8 849,3 млрд теңгені құрады немесе 2023 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 6,9% жоғары.
Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 31,9% құрады, азық-түлікке жатпайтын тауарларда – 68,1%.
2024 жылғы 1 қыркүйекке сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1 543,8 млрд теңгені, сауда күндерінде 62 күнді құрады.
2024 жылғы қаңтар-тамыздағы республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы (32,1%), Астана қалаларына (12,9%), Қарағанды (7,6%) және Шығыс Қазақстан (5,9%) облыстарына келеді.
.png)
Көтерме сауда көлемі 2024 жылғы қаңтар-тамызда 26 403,3 млрд теңгені немесе 2023 жылғы тиісті кезең деңгейіне 104,7% құрады. Көтерме тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер басым (80,2%).
2024 жылғы 1 қыркүйекке сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі көтерме саудада 2 152,7 млрд теңгені, сауда күндерінде 37 күнді құрады.
Республиканың көтерме саудасының жалпы көлеміндегі ең үлкен үлессалмақ 2024 жылғы қаңтар-тамызда Алматы (36,6%), Астана қалаларына (15,8%), Атырау (15,2%) және Қарағанды облыстарына (6,2%) тиесілі.
.png)