Бюро қызметкерлері М. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалының магистранты атанды

Бюро қызметкерлері М. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалының магистранты атанды

М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалында ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының 17 қызметкеріне студенттік билеттерді салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.

Бюро мамандары «Экономика» бағыты бойынша екі жылдық новаторлық «Қазіргі заманғы экономикадағы статистика және деректерді басқару» магистрлік бағдарламасы бойынша білім алатын болады.

Бұл бағдарлама статистиканы терең зерттеуге және деректерді басқару бағытын толық қамтуға арналған. Мұндай бағдарлама статистикадағы кадр әлеуетін одан әрі дамытуға және жоғары білікті кадрларды даярлауға айтарлықтай ықпал етеді.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Сырымбет Қаскеев құттықтау сөз сөйледі. Ол үздіксіз оқу мен өзін-өзі дамытдың маңыздылығын атап өтті, жаңа магистрлік бағдарлама Бюро қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын жетілдіру жолындағы маңызды қадам болатынына сенім білдіріп, білім жолында табыс тіледі.

Біз әріптестеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз және оқуларында сәттілік тілейміз!