Егер сізге интервьюер барса...

Егер сізге интервьюер барса...

20 тамыздан бастап Қазақстанда пилоттық ауыл шаруашылығы санағы басталды! Ұлттық статистика бюросының интервьюерлері 54 елдімекендегі үй шаруашылықтарына іріктеп аралау әдісімен барады.

Интервьюерлер не туралы сұрайды:
мекенжай бойынша тұратын адамдар саны
2024 жылы өсірген бақшаңыз бен төрт түлік ұстайтыныңызды
инженерлік-техникалық коммуникациялардың бар-жоғын
ауыл шаруашылығы инфрақұрылымы объектілерінің (ветпункт, қасапхана, сүт қабылдау пункттері және т. б.) қолжетімділігін және т. б. мәселелерді сұрайды

Интервьюерлер не туралы сұрамайды:
Банк деректері
Ақша қаражатының, кредиттердің, депозиттердің және т. б. болуы

Сұхбат берушіні қалай танисыз?
Интервьюерлер – Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері ауыл шаруашылығы санағының логотипі бар ақ қалпақ киіп, департамент басшысының мөрі мен байланысы көрсетілген бейджде болады, сауалнама планшет арқылы жүргізіледі

Санақтан өз бетінше өтуге бола ма?
Иә! Сұраудан өз бетінше өту үшін sanaq.gov.kz сайтына қыркүйектің 30-на дейін кіре аласыз

Тағы сұрақ бар ма?
1446 нөмірі бойынша байланыс орталығына немесе телеграмдағы statgovkz_bot  ботына жолдаңыз

Санақтан өтіңіз, Ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосыңыз!

P/S: Егер сізге интервьюер атын жамылып, ауыл шаруашылығы санағына қатысы жоқ сұрақ қойған бөгде адам келсе, құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырамыз