2019 жылғы Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй және мәдени-әлеуметтік құрылыс

2019 жылғы Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй және мәдени-әлеуметтік құрылыс

2019 жылы орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 4432млрд. теңгені құрады және2018 жылмен салыстырғанда13,2% көбейді, оның ішінде тұрғын үйлердің құрылысы бойынша көлемі651,8 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнен 14,7% құрады.

2019 жылы13,1 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды, бұл 2018 жылға қарағанда 4,8% көп. Жеке құрылыс салушылармен6,5 млн. шаршы метр салынды. Салынған тұрғын үйлердегі пәтерлер саны 115257 бірлікті құрады. 41419 жеке үй және 1217 көппәтерлі үйлер пайдалануға берілді.Тұрғын үйлердің жалпы алаңының 1 шаршы метр құрылысына орташа нақты шығындары-105,7 мың теңгені, оның ішінде көппәтерлі үйлер бойынша - 127,4 мың теңгені жәнежеке үйлер бойынша - 83,9 мың теңгені құрады. Тұрғын үйдің 1 шаршы метр құрылысының ең жоғарғы құны Нұр-Сұлтан қаласында (150,4 мың теңге) және Алматы облысында (131,2 мың теңге), алең төменгі құны- Қызылорда облысында (63,9 мың теңге) байқалады.

2019 жылы тұрғын үй құрылысына 1475,5 млрд.теңге инвестиция салынды, бұл өткен жылға қарағанда 21,2% көп.

2007-01к

2019 жылы білім беру және денсаулық сақтау саласында 33358 оқушы орнына арналған 72 жалпы білімберетін мектеп, 8431 орынға арналған 71 мектепке дейінгі мекеме, 605 төсекорынға арналған3 аурухана және ауысымына 4445 келушіге 39 амбулаториялық емхана пайдалануға берілген. Мәдениет және спорт объектілері: 510 орынға арналған 1 театр, 2 неке сарайы, 1527 орынға арналған 12 мәдениет үйі және 32248шаршы метрлік 1 спорт сарайы салынды.

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Тұрмыс деңгейі статистикасы

Орындаушы: Басқарма басшысы: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Б.Ж.Дүбірова Ә.С.Шәуенова Алданңғарқызы Ә. 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 74 93 23 Тел. +7 (7172) 74 90 56 Тел. +7 (7172) 74 90 02 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldаngarkyzy@economy.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті