Астанада 2024 жылдың қыркүйегінде басталып, шамамен 24 мың үй шаруашылығын қамтитын Мультииндикаторлы кластерлік зерттеу (MICS) аясында халық арасында сауалнама жүргізетін интервьюерлерге арналған республикалық оқыту семинары басталды.
Семинарға еліміздің 20 өңірінен интервьюерлер қатысып жатыр. Оқыту MICS далалық жұмыстарын жүргізудің негізгі аспектілерін қамтиды. Бірнеше күн ішінде семинарға қатысушылар сауалнаманы нәтижелі өткізу үшін қажет негізгі білім мен практикалық дағдыларды үйренеді, MICS стратегиялық мақсаттары мен міндеттерімен, сондай-ақ әртүрлі аймақтардағы деректерді жинауға арналған Әдістемелік ұсыныстармен танысады. Оқу процесінде елдегі әйелдер мен балалардың жағдайы туралы деректердің сапасы мен толықтығына ерекше назар аударылатын болады. Семинар бағдарламасына халықаралық сарапшылардың қатысуымен сауалнамалар мен CAPI (электронды құрал көмегімен сауалнама жүргізу), сондай-ақ далалық жұмыстар бойынша оқыту кіреді.
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттарының орындалуын бақылау және бағалаудаMICS маңыздылығын атап өтті.
«MICS деректері ел Үкіметіне базалық көрсеткіштерді белгілеп, мақсаттарды анықтауға, ұлттық және халықаралық міндеттемелерді орындаудағы прогресті бақылап отыруға мүмкіндік береді. 2024 жылы Қазақстанда MICS өткізудегі мақсат — балалар мен отбасылардың жағдайын мониторингтен өткізу және ұлттық саясаттың тиімділігін арттыру үшін олардың дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша сенімді ақпарат алу», - деп атап өтті Мақсат Тұрлыбаев.
Сауалнама балалардың жағдайы, денсаулық сақтау, тамақтану, білім беру, су сапасы және санитария, ерте жастағы балалардың дамуы, сондай-ақ халықтың өмірі мен дамуына қатысты басқа да көптеген аспекті бойынша мәселелерді қозғайды. MICS зерттеуі Қазақстан халқының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған тиімді бағдарламалар мен стратегияларды әзірлеу және іске асыру үшін негіз болатын өзекті деректерді алуға мүмкіндік береді.
Анықтама:
Мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (MICS) - ЮНИСЕФ әзірлеген Халықаралық үй шаруашылығын зерттеу бағдарламасы. MICS сауалнамасы балалар мен әйелдердің жағдайын бағалау үшін қолданылатын негізгі көрсеткіштерді жинау мақсатында жүргізіледі. Қазақстанда зерттеу төртінші рет жүргізіледі (бұған дейін 2006, 2010 және 2015 жылдары жүргізілген).
MISS зерттеуі БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы өкілдігімен (ЮНИСЕФ) бірлесе отырып, БҰҰ-ның Қазақстандағы халықты қоныстандыру қоры (ЮНФПА) мен Азия даму банкінің қолдауымен жүргізіледі.