
2024 жылғы қаңтар-маусымда сауда саласындағы нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,9% құрады.
Саланың жалпы көлеміндегі елеулі үлес көтерме саудаға тиесілі, оның үлес салмағы 68% құрайды, бөлшек сауданікі – 31,6%.
Бөлшек сауда көлемі 2024 жылғы қаңтар-маусымда 8 710,5 млрд теңгені құрады немесе 2023 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 5,6% артты. Саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 6 410,5 млрд теңгені құрады немесе 2023 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 7,1% артты.
Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 30,6% құрады, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі – 69,4%.
Сату көлемінің ең көп өсуі азық-түлік емес тауарлар бойынша, атап айтқанда компьютерлер мен жабдықтар, тоқыма бұйымдары, жарықтандыру құралдары, медициналық және ортопедиялық тауарлар, телекоммуникациялық жабдықтар, автомобильдерге арналған тетіктер, жейлер мен құрал-саймандар, жиһаз, мотор отыны, фармацевтикалық тауарлар, киімді саудалайтын кәсіпорындарда байқалды.
2024 жылғы 1 шілдеге сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1553,8 млрд теңгені, сауда күндерінде 68 күнді құрады (2023 жылғы 1 шілдеге сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі 1538 млрд. теңгені, сауда күндерінде 72 күнді құрады).
2024 жылғы қаңтар-маусымдағы республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы (31,6%) мен Астана қалаларына (12,8%), Қарағанды (7,5%) және Шығыс Қазақстан (6,1%) облыстарына келеді.
.png)
Көтерме сауда көлемі 2024 жылғы қаңтар-маусымда 18 770,7 млрд теңгені немесе 2023 жылғы тиісті кезең деңгейіне қарағанда 103,3% құрады. Көтерме тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер басым (79,6%).
2024 жылғы 1 шілдеге сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі көтерме саудада 2 078,1 млрд теңгені, сауда күндерінде 35 күнді құрады (2023 жылғы 1 шілдеге сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі 1796,7 млрд теңгені, сауда күндерінде 42 күнді құрады).
Республиканың көтерме саудасының жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес салмағы 2024 жылғы қаңтар-маусымда Алматы қаласына (37,6%), Атырау облысына (15,8%), Астана қаласына (15,7%) және Қарағанды облысына (6,1%) тиесілі.
.png)