Бюро қызметкерінің магистрлік жобасы Мемлекеттік басқару академиясында үздік деп танылды

Бюро қызметкерінің магистрлік жобасы Мемлекеттік басқару академиясында үздік деп танылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросы Адам ресурстарын дамыту басқармасының басшысы Рысты Қабиеваның Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қорғаған магистрлік жобасы жоғары марапатқа ие болды.

Оның «Бизнес және менеджмент» мамандығы бойынша «Адам ресурстарын басқару» магистрлік бағдарламасы аясындағы «Мемлекеттік органдардағы корпоративтік мәдениетті дамыту перспективалары» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысын Академияның аттестаттау комиссиясы өз санатында үздік деп таныды.

Рысты Кабиеваның магистрлік жобасы мемлекеттік органдарда корпоративтік мәдениетті жақсарту бойынша талдау мен ұсыныстардың арқасында сарапшылардың назарына ілікті.

Ғылыми жетекшісі Ж. О. Тілеукеновтың басшылығымен әзірленген жұмыс, қоғамдық сектордағы адами ресурстарды басқаруды жетілдіру үшін өзінің өзектілігі мен маңыздылығымен ерекшеленеді.