Ұлттық статистика бюросы қайта қаралған деректерді ескере отырып, 2023 жылғы мал шаруашылығы статистикасы бюллетенін жариялады

Ұлттық статистика бюросы қайта қаралған деректерді ескере отырып, 2023 жылғы мал шаруашылығы статистикасы бюллетенін жариялады
 
Ұлттық статистика бюросы шаруа/фермер қожалықтарына және жеке қосалқы шаруашылықтарға қатысты қайта қаралған деректерді ескере отырып, 2023 жылдағы мал шаруашылығы бойынша статистикалық бюллетеньді жариялады.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары С.М. Жұманғариннің тапсырмасы бойынша ауылдық елді мекендердің әкімдері 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ЭШЕА жаңартылған өзекті деректерді ұсына отырып, ауыл шаруашылығы жануарларының саны бойынша шаруашылық есеп деректерін нақты көрініске келтірді.
Өз кезегінде, Бюро статистикалық мақсаттар үшін ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау қағидаларының 10-тармағы 2-тармақшасын басшылыққа ала отырып, шаруашылық бойынша есептің жаңартылған әкімшілік деректері негізінде шаруа/фермер қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарға қатысты 2022, 2023 жылдарға арналған мал басының жекелеген көрсеткіштеріне қайта есептеу жүргізді.


2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығының мал басы бойынша ЭШЕА деректерін өзектендіру мынадай нәтиже әкелді: (ағымдағы статистика деректерімен салыстырғанда) ІҚМ жалпы мал басы ауыл шаруашылығы кәсіпорындар есебінен 23%-ға, қой – 14%, ешкі – 20%, шошқа – 34%, үй құстары – 22%-ға азайған. 2023 жылға шаруашылықтардың барлық санаттарында сиыр сүтін өндіру 3 420,4 мың тонна, ет (тірідей салмақта) – 1 920,3 мың тонна, тауық жұмыртқасы – 4 406,8 мың дананы құрады.
Толығырақ «2023 жылға Қазақстан Республикасында мал шаруашылығы дамуының негізгі көрсеткіштері» жарияланымында танысуға болады.