Қазақстан Республикасындағы инфляция

Қазақстан Республикасындағы инфляция

2024 жылғы маусымда тұтыну бағаларының айлық индексі 0,4% құрады (өткен айдағыдай). Азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы 0,6% – дан өсті. Азық-түлік тауарлары бағасының индексі 100% құрады.

Ағымдағы жылғы маусымда бағаның өсуі ас үй плитасына – 8,4%, ауа баптағышқа – 4,6%, кір жуатын машинаға 4% байқалды. Жиһаз және үйге қажетті заттар – 1,7% , киім және аяқ киім – 0,9%, тоқыма бұйымдары, жеке пайдалануға арналған тауарлар 0,5% – дан қымбаттады.

Кешенді демалысты ұйымдастыру бойынша қызметтердің бағасы 13%, санаторийлер – 5,6%, балалар аттракциондары – 4,4% өсті. Шаштараздар мен сұлулық салондары – 1,9%, қоғамдық тамақтану 1% қымбаттады.

Азық– түлік өнімдерінен бағанын төмендеуі қиярға 18,7%, қырыққабатқа – 18%, тәтті бұрышқа – 17,9%, сарымсаққа – 14,9%, қызанаққа – 13,3%, лимонға – 7,4% байқалды. Бағаның өсуі картопқа – 10,7%, жүзімге – 3,6%, алмаға – 2,1%, сәбізге 1,9% белгіленді.

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Ақмола облысында – 1% (орташа республикалық деңгейден 0,6 п.т. жоғары), ең төмені – Ақтөбе және Алматы облыстарында 0,1% тіркелді.

Өңірлер бөлінісінде ең жоғары азық-түлік тауарларының бағалары Маңғыстау облысында 0,8%, азық-түлік емес тауарлар – Түркістан облысында 2%, ақылы қызметтер – Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында тиісінше 2,5% және 2,6% өсті.

 

 

2024 жылғы маусымда жылдық мәнде инфляция деңгейі 8,4% құрады. Ақылы қызметтер – 13,8%, азық-түлік емес тауарлар – 7,4%, азық-түлік тауарларының бағасы 5,4% өсті.

2023 жылғы маусыммен салыстырғанда тарифтер су бұруға – 43,5%, суық суға – 36,7%, орталықтандырылған жылытуға – 33%, электр энергиясына – 31,7%, қоқыс шығаруға – 30,7%, ыстық суға 30,4% өсті. Ацетилсалицил қышқылының бағасы – 60,8%, белсендірілген көмірге – 33,1%, хилак фортеге – 24,7%, парацетамолға 23% өсті. Жүзім – 29% , қызылша – 24,9%, зәйтүн майы – 21,3%, қызанақ – 19,8%, банан 18,5% қымбаттады. Керісінше жылдық мәнде пияз – 40,4%, қарақұмық жармасы – 23,1%, күнбағыс майы – 22,3%, қырыққабат – 22,1%, құмшекер 5,6% арзандады.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.

 

*2024 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 42,0%, азық-түлік емес тауарлар – 29,8%, ақылы қызметтер 28,2% құрады.