


ҚР Ұлттық статистика бюросының Халықаралық ынтымақтастық және орнықты даму департаментінің директоры Айнұр Досанова мен баға статистикасы департаменті директорының орынбасары Жайран Тоқбаева Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің шешімі бойынша "Үздік мемлекеттік қызметші" төсбелгісімен марапатталды.
Лайықты марапатты ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев табыс етті, ол екі марапатталушыға Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет пен статистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Айнұр Досанова еңбек жолын 1998 жылы Жамбыл облыстық білім басқармасында бастап, 2002 жылдан бастап статистика саласында қызмет етіп, 2022 жылдан бері департамент директоры қызметін табысты атқарып келеді.
Жайран Тоқбаева өз кезегінде статистика саласындағы жолын 2007 жылы бастап, 2023 жылдан бастап баға статистикасы департаменті директорының орынбасары қызметін сәтті атқаруда. Сонымен қатар, ол өз саласындағы жетістіктері үшін "Статистика үздігі" белгісімен марапатталды.
Салтанатты рәсім аясында Бюроның инновация, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және туризм статистикасы басқармасының басшысы Гүлнұр Бегалинаға Қазақстандағы статистиканы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хат табыс етілді.