Индекс промышленного производства в январе-мае 2024г. в Казахстане составил 103%

Индекс промышленного производства в январе-мае 2024г. в Казахстане составил 103%

2024 жылғы қаңтар-мамырда өнеркәсіп өнімдері 19406,7 млрд. теңгеге өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында – 8901,5 млрд.теңгеге (жалпы көлемнен 45,9%), өңдеуде – 8950,2 млрд. теңгеге (46,1%).

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 15 өңірінде тіркелді, төмендеу Атырау, Жетісу, Жамбыл облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында белгіленді. Өңірлер арасында едәуір өсу Ақтөбе облысында және Астана қаласында белгіленді.

Табиғи газ шығару (103,8%), металл кендерін (106,5%) өндіру салаларының және тау-кен өнеркәсібі қызметтерінің (110,6%) артуына байланысты 2024 жылғы қаңтар-мамырда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда ӨӨИ 100,6% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде 2024 жылғы есепті кезеңде 2023 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда ӨӨИ 105,2%-ды құрады. Өсу химия өнеркәсібі – 5,8%, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар – 13,5%, металлургия – 7,5%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде – 28,4%, машина жасауда - 14,7%, өзге де дайын бұйымдарда 1,9 есе белгіленді.

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда электр энергиясын өндіру, беру және тарату көлемдерінің - 7,2%, құбыржолдар бойынша газды тәрізді отын өндіру және таратудың 7% артуы есебінен ӨӨИ 106,1% құрады.

Сумен жабдықтау, суды бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 2024 жылғы қаңтар-мамырда ӨӨИ 99,8% құрады. Суды жинау, тазарту және бөлу көлемдері – 0,9%, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) 1,4% төмендеді.