
Ұлттық статистика бюросы басшысының бұйрығымен Қайрат Ибрагимұлы Қипатов бюроның «Ақпараттық-есептеу орталығы» РМК директоры болып тағайындалды.
Бұған дейін ол аталмыш ведомстволық бағынысты ұйым директорының орынбасары қызметін атқарған.
2008 жылы «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, 2015 жылы «Ақпараттық және желілік қауіпсіздік» мамандығы бойынша Роберт Гордон университетін (Ұлыбритания) бітірген. Ақпарат және желі қауіпсіздігі бойынша магистр дәрежесінің иесі. «Болашақ» стипендиясының иегері.
Еңбек жолын «Қазақтелеком» АҚ бастады, онда жүйе инженері, инженер болып істеді – 2009-2016 жж.
2016-2017 жж. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ есептеу ресурстарын дамыту бөлімінің бас маманы, инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2017-2021 жылдары «Қазақтелеком» АҚ түрлі лауазымдарда еңбек етті, онда жетекші маманнан жобаларды басқару департаменті директорының лауазымына дейін өсті.
2021-2023 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес ұйымы – «KAP Technology» ЖШС цифрландыру және даму департаментінің директоры қызметін атқарды.
Естеріңізге сала кетейік, «Ақпараттық-есептеу орталығы» РМК бастапқы статистикалық деректерді жинаумен, өңдеумен, ақпараттық-статистикалық жүйелерді, деректер базасын және олардың платформаларын қалыптастырумен, сүйемелдеумен және өзектендірумен, сондай-ақ талдамалық шешімдерді қалыптастырумен айналыса