2020 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстан Республикасында инфляция 4,2% құрады

2020 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстан Республикасында инфляция 4,2% құрады

Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы алты айда (2020 жылғы маусым 2019 жылғы желтоқсанға) – 7,3%, азық-түлік емес тауарларына – 2,6%, ақылы қызметтерге 1,4% жоғарылады.

пайызбен, өсуі

 

2020 жылғы маусым

2020 жылғы қаңтар-маусым 2019 жылғы қаңтар-маусымға

2020 жылғы

мамырға

2019 жылғы
желтоқсанға

2019 жылғы маусымға

2015 жылғы

желтоқсанға

Тауарлар мен қызметтер

0,4

4,2

7,0

34,3

6,4

Азық-түлік тауарлары

0,5

7,3

11,1

44,4

9,9

Азық-түлік емес тауарлар

0,5

2,6

5,4

36,7

5,4

Ақылы қызметтер

0,2

1,4

3,0

19,9

2,9

Ағымдағы жылдың басынан (2020 жылғы маусым 2019 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі жемістерге – 21,2%, көкөністерге – 15,6%, жармаларға – 14,6%, қой етіне – 10,7%, құмшекерге – 10,6%, макарон өнімдеріне – 9,3%, сары майға – 8,9%, ұнға – 8,8%, ет өнімдеріне – 8,5%, жылқы етіне – 8,2%, сиыр етіне – 7,4%, мәйекті ірімшікке – 7,3%, мұздатылған балыққа – 6,1%, шайға – 5,9%, шошқа етіне – 5,5%, шұжық өнімдеріне – 5,4%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдеріне – 4,6%, пастерленген сүтке – 4,5%, қышқыл сүт өнімдеріне – 3,7%, нанға – 3,4%, сүзбеге 3,3% белгіленді. Минералды және ас су – 6,8%, темекі өнімдері – 5,4%, салқындатылған сусындар 4% қымбаттады. Бағаның төмендеуі жұмыртқаға – 3,6%, күрішке – 2,7%, сөкке 2,4% тіркелді.

Баға өсімі жуғыш және тазалағыш құралдарға – 5,8%, дәрі-дәрмекке – 5,6%, жеке қолданылатын тауарларға – 5,3%, тұрмыстық аспаптарға – 4,3%, автомобильдерге – 3,9%, құрылыс материалдарына 3,6% құрады. Бензин 2,8% қымбаттады, ал дизель отыны 3% арзандады.

Баға деңгейі құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру қызметтеріне – 10%-дан, денсаулық қызметтеріне – 3,4%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 2,6%, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне – 2,2%, кабельдік телевизия қызметтеріне 2% өсті. Интернет желісіне қосылу үшін абоненттік төлем 2% жоғарылады. Қалалық көлігімен (такси) жол жүру ақысы – 5,2%, жолаушылардың темір жол көлігімен 3,7% қымбаттады, ал әуе көлігімен 1,7% арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер ыстық суға – 7,7%, кәрізге – 6,2%, суық суға – 5,6%, орталықтан жылытуға 3,4% төмендеді, ал қоқыс шығаруға – 9%, электр энергиясына 2,2% өсті.

 

Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бағаның өзгеруі

өткен айға пайызбен, өсуі

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

2020 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 39,0%, азық–түлік емес тауарлар – 28,9%, ақылы қызметтер 32,1% құрады.

www.stat.gov.kz / Ресми статистика/Салалар бойынша/Баға статистикасы

Орындаушы:

Рашидов А.Р.

Тел. +7 7172 749531

Басқарма басшысы:

Тілепбергенова Э.Н.

Тел. +7 7172 749057

Баспасөз қызметі:

Алданғарқызы Ә.

Тел. +7 7172 749002

E-mail: a.aldangarkyzy@economy.gov.kz

Мекенжай:

010000, Нұр-Сұлтан қаласы

Мәнгілік ел көшесі, 8

Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті