2020 жылғы маусымдағы азық-түлік тауарларының бағасы

2020 жылғы маусымдағы азық-түлік тауарларының бағасы

Баға азық-түлік тауарларына бір жылда (2020 жылғы маусым 2019 жылғы маусымға) 11,1% өсті. Нан өнімдері және жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, кондитерлік өнімдер, жемістер, картоп, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттады, ал қант, жаңа жиналған көкөністер арзандады.

2020 жылғы маусымда жарма өнімдері тобында қарақұмық жармасына орташа бағасы килограмына 375 теңгені (2019 жылғы маусымда – 242 теңге), күрішке 373 теңгені (350 теңге), сұлы жармасына – 371 теңгені (340 теңге), сөкке 366 теңгені (318 теңге) құрады.

Құмшекердің орташа бағасы 2020 жылғы маусымда килограмына 208 теңгені, 2019 жылғы маусымда 240 теңгені құрады.

2020 жылғы маусымда ет және ет өнімдерінен сиыр етінің жауырын-төс бөлігіне орташа баға килограмына
 1900 теңгені (2019 жылғы маусымда – 1636 теңге), сүйегі бар қой етіне – 1910 теңгені (1583 теңге), сүйегі бар жылқы етіне – 2195 теңгені (1855 теңге), шошқа етінің жауырын бөлігіне – 1553 теңгені (1370 теңге), шала ысталған шұжыққа – 2250 теңгені (2087 теңге), тауықтың сан етіне 839 теңгені (779 теңге) құрады.

2020 жылғы маусымдағы азық-түлік тауарларының жекелеген түрлеріне орташа бағалар

килограмм теңгемен

 

Қазақстан Республикасы бойынша

Баға

Қалада тіркелген

2019 жылғы маусым

2020 жылғы маусым

ең төмен

ең жоғары

ең төмен баға

ең жоғары баға

Бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан

139

151

132

178

Алматы

Атырау

Сүзбе

1 550

1 645

1 206

2 242

Петропавл

Атырау

Қаймақ

1 061

1 141

832

1 401

Талдықорған

Атырау

Мәйекті ірімшік

2 642

2 963

2 297

3 790

Тараз

Нұр-Сұлтан

Айран

287

306

237

370

Талдықорған

Семей

Пастерленген сүт

242

263

192

301

Тараз

Нұр-Сұлтан

Тұздалмаған сары май

2 202

2 589

2 090

4 201

Павлодар

Ақтау

Күнбағыс майы, литр

435

437

387

487

Қарағанды

Ақтау

Жұмыртқа, ондық

243

289

222

373

Петропавл

Алматы

Тұз

52

52

38

57

Ақтөбе

Қостанай

Картоп

111

146

93

205

Қарағанды

Нұр-Сұлтан

Ақ қауанды қырыққабат

96

70

47

121

Алматы

Ақтау

Басты пияз

155

110

93

139

Қарағанды

Ақтау

Сәбіз

148

130

95

172

Қарағанды

Ақтау

Алма

374

541

415

672

Атырау

Ақтау

Банан

540

591

498

692

Павлодар

Ақтау

Ескертпе: тамақ өнімдерінің бағасын тіркеу меншіктің барлық нысанындағы сауда кәсіпорындарының іріктеме желісі бойынша және Қазақстанның ірі қалаларындағы қалалық базарларда жүзеге асырылады. Республика бойынша орташа баға деңгейі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалалары, облыс орталықтары және аудандардың іріктелген шеңберінің баға деңгейінен салмақталған шамасы ретінде анықталады.

www.stat.gov.kz / Ресми статистика/Салалар бойынша/Баға статистикасы

Орындаушы:

А.Т. Махметова

Тел. +7 7172 749265

Басқарма басшысы:

Э.Н. Тілепбергенова

Тел. +7 7172 749057

 

Баспасөз қызметі:

Ә. Алданғарқызы

Тел. +7 7172 749002

E-mail: aldangarkyzy@economy.gov.kz

Мекенжай:

010000, Нұр-Сұлтан қаласы

Мәңгілік ел даңғылы, 8

Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс

 © Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті