2019 жылғы үй шаруашылықтарының іріктемелі зерттеу деректері бойынша тамақ депривациясының деңгейі немесе тамақтану калориялығы ең төменгі шекті деңгейден де төмен халықтың үлесі 4,1%-ды құрады.
Тамақтану калориялылығы ең төменгі шекті деңгейден де төмен халықтың үлесі
пайызбен
|
|
2017 |
2018 |
2019 |
|
Қазақстан Республикасы |
3,6 |
4,6 |
4,1 |
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
қалалық жер |
3,5 |
4,5 |
4,1 |
|
ауылдық жер |
3,0 |
3,7 |
3,1 |
2019 жылы халық тұтынған тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы күніне орташа жан басына шаққанда 3254 ккалды құрады. Ауылдық жердегі халықтың тамақтануы қалалық жерге қарағанда неғұрлым калориялы (құнарлы) екендігін атап өтуге болады.
Халық тұтынған тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы
ккал
|
|
Тұтынылған тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы |
Энергетикалық құндылықтарға ең төменгі қажеттіліктер |
||||
|
2017 |
2018 |
2019 |
2017 |
2018 |
2019 |
|
|
Қазақстан Республикасы |
3 192 |
3 184 |
3 254 |
1 868 |
1 864 |
1 866 |
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
||
|
қалалық жер |
3 162 |
3 133 |
3 197 |
1 867 |
1 861 |
1 863 |
|
ауылдық жер |
3 233 |
3 253 |
3 333 |
1 870 |
1 869 |
1 869 |
Өңірлік тұтынуды қарастыра отырып, еліміздің барлық өңірлерінде халық тұтынған тамақ өнімдерінің нақты энергетикалық құндылығының деңгейі энергетикалық құндылықтарға ең төменгі қажеттіліктердің деңгейінен асып түскендігін атап өткен жөн. Халық тұтынған тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығының ең жоғары деңгейі Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында, ал ең төменгі – Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында байқалады.
Егер халық тұтынған тамақ өнімдерінің химиялық құрамын қарастыратын болсақ, онда ең жоғары үлес салмағы көмірсутегіне келеді. Ауылдық жердегі халық рационындағы көмірсутегінің үлесі (нан өнімдері және жарма өнімдері) қалалық жерге қарағанда жоғары. Құрамында ақуыз және майы өте жоғары (ет және ет өнімдері, сүт өнімдері және жұмыртқа) өнімдердің үлесі ауылға қарағанда қала тұрғындарында жоғары.
Халық тұтынған тамақ өнімдерінің тәуліктік рационындағы тағамдық заттардың құрамы
пайызбен
|
|
Ақуыздар |
Майлар |
Көмірсутектер |
||||||
|
2017 |
2018 |
2019 |
2017 |
2018 |
2019 |
2017 |
2018 |
2019 |
|
|
Қазақстан Республикасы |
12,5 |
13,1 |
12,9 |
33,9 |
34,2 |
33,4 |
53,7 |
52,5 |
53,7 |
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
|
||
|
қалалық жер |
12,7 |
13,5 |
13,1 |
35,3 |
35,5 |
35,0 |
52,0 |
51,1 |
52,0 |
|
ауылдық жер |
12,2 |
13,1 |
12,7 |
31,9 |
32,5 |
31,1 |
55,9 |
54,4 |
56,1 |
Көрсеткіштер ADePT азық-түлік қауіпсіздігінің статистикалық бағдарламасы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) әдіснамасы бойынша есептелген.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Тұрмыс деңгейі статистикасы
| Орындаушы: | Басқарма басшысы: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Н. Жұманова | Н. Белоносова | Ә. Алданғарқызы | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 74-98-00 | Тел. +7 (7172) 74-90-22 | Тел. +7 (7172)74-90-02 | Мәңгілік ел, 8 |
| E-mail: А.Аldangarkyzy@economy.gov.kz | Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті