2020 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстан Республикасында 217592 жеңіл автомобиль тіркелген, бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 29,5%-ға кем. Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3932,4 мың бірлікті құрады.1)
Ағымдағы жылғы қаңтар-сәуірде 3335 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 4820 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 21,4%-ға кеміді.2)
2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 10 млрд. теңге сомасында 25056 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.3)
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.
2) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша.
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі деректері бойынша.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Көлік статистикасы
| Орындаушы: | Басқарма басшысы: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Абильдаев А.Ж. | Қарауылова Г.С. | Алданғарқызы Әсем | 010000,Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 7172 74 92 71 | Тел. +7 7172 74 90 60 | Тел.+7 717274 90 02 | Мәңгілік Ел, 8 |
| Email: a.aldangarkyzy@economy.gov.kz | Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті