2020 жылғы қаңтар-мамырда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 99,5% құрды

2020 жылғы қаңтар-мамырда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 99,5% құрды

Экономикалық сектор

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2020 жылғы қаңтар-мамырда 2019 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 99,5% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2020 жылғы қаңтар-мамырда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3975,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 0,1% артық.

2020 жылғы қаңтар-мамырда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 10490 млрд. теңгені құрды, бұл 2019 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 4,8% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 5,2%, өңдеу өнеркәсібінде өндіріс – 4,9%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 1,3%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 1,8% артты.

2020 жылғы қаңтар-мамырда ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымының көлемі 934,4 млрд. теңгені құрап, 2019 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 2,2% артты.

2020 жылғы қаңтар-мамырда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 1013,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 5,9% артық.

2020 жылғы қаңтар-мамырда «Көлік және қоймалау» саласы бойынша нақты көлем индексі 85,9% құрады.

2020 жылғы қаңтар-мамырда жүк айналымының көлемі 229,5 млрд. т-км (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын дара кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемін бағалауды есепке алғанда) құрап, 2019 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 2,9%-ға кеміді. Жолаушылар айналымының көлемі 71 млрд. ж-км құрап, 38,4%-ға кеміді.

2020 жылғы қаңтар-мамырда «Байланыс статистикасы» саласы бойынша нақты көлемі индексі 109,2% құрады.

2020 жылғы қаңтар-мамырда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 87,7%-ды құрады.

2020 жылғы қаңтар-мамырда бөлшек сауда көлемі 3543,7 млрд. теңгені немесе 2019 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 83,8% құрады (салыстырмалы бағада).

2020 жылғы қаңтар-мамырда көтерме сауда көлемі 7929,8 млрд. теңгені немесе 2019 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 91% құрады (салыстырмалы бағада).

2020 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 28173,6 млн. АҚШ долларын құрап, 2019 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 2,5% азайды, соның ішінде экспорт – 18367,8 млн. АҚШ долларын (1% аз), импорт – 9805,8 млн. АҚШ долларын құрады (5% аз).

2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 451866 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,1% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 443264 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 318319 құрады, оның ішінде 310007 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).

Тұтыну бағасының индексі 2020 жылғы мамырда 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,7% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 6,8%, азық-түлік емес тауарларға – 2,1%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 1,2% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2020 жылғы мамырда 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 19,5% төмендеді.

Әлеуметтік сектор

2020 жылғы сәуірдегі халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 109897 теңгені (алдын ала деректер) құрады, бұл 2019 жылғы сәуірге қарағанда 5,7% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 1%-ке төмендеді.

2020 жылғы мамырда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 195272 теңгені құрады.

ХЕҰ әдістемесі бойынша анықталған жұмыссыздар саны 2020 жылғы I тоқсанда 442,4 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2020 жылғы мамырдың соңына 161,3 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 1,7%.

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Жарияланымдар / Айлық басылымдар / Қазақстан Республикасы Әлеуметтік-экономикалық дамуы

Орындаушы: Басқарма басшысы: Баспасөз қызметі: Мекен-жайы:
А.М. Төлеутаева Б.Ә. Тұрмағанбет Әсем Алданғарқызы 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 7172 749509 Тел. +7 7172 749077 Тел. +7 7172 749002 Мәңгілік ел көшесі, 8 үй,
    E-mail: a.aldangarkyzy@economy.gov.kz Министрліктер Үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті