Сенат депутаттары демографиялық өсім мәселелерін талқылау үшін Бюрода болды

Сенат депутаттары демографиялық өсім мәселелерін талқылау үшін Бюрода болды

Парламент Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп бастаған депутаттар тобы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері ұлттық статистика бюросында болды.

Депутаттардың өздері бастамашылық еткен бұл сапардың мақсаты Президенттің Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру аясында «Демографиялық өсім – ұлттың бәсекелестік артықшылықтарының негізі» тақырыбындағы үкімет сағатына дайындық ретінде жиналды.

Сапар барысында қонақтар Бюроның қызметімен, жаңартылған веб-сайтымен танысып, Бюроның деректерді таратудағы инновациялық тәсілдері - 2021 жылғы халық санағы, инфляция және жалақы нәтижелері бойынша ақпараттық бақылау тақталарымен танысуға мүмкіндік алды.

Бюро басшысы Мақсат Тұрлубаев жұмыс жоспарларымен таныстырып, статистикалық қызметтің келешегін атап өтті. Ол негізгі демографиялық көрсеткіштер бойынша статистиканы қалыптастыру туралы ақпаратты ұсынды. Сондай-ақ жиынға қатысушылар нақты салалық мәселелерді шешу бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі демографиялық үрдістерді есепке алу, Қазақстан халқының санын болжау және демографиялық процестерге байланысты проблемаларды шешу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, кездесу барысында мектепке дейінгі, мектеп және орта арнайы білім берудегі демографияға қатысты мәселелер қаралды.

Бұл сапар бюроның қызметін және оның елде негізделген шешімдер қабылдау үшін нақты статистиканы қамтамасыз етудегі маңызды рөлін тереңірек түсінуге ықпал етті.