2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы өнеркәсіп өндірісінің индексі 104,3% құрады

2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы өнеркәсіп өндірісінің индексі 104,3% құрады

2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда 46 401,7 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында – 21 773,3 млрд теңгеге (жалпы көлемнен 46,9%), өңдеу саласында – 21 640,7 млрд теңгеге (46,6%).

Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 4,6%, өңдеу өнеркәсібінде – 4,1%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 1,8%, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 1,9% байқалды.

Шикі мұнайды (106,8%), табиғи газды (110,8%), темірді қоспағанда, кендерді (101%), өзге де пайдалы қазбаларды (112,7%) өндіру салаларының артуына байланысты 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өнеркәсіп индексі 104,6% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде есепті кезеңде 2022 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 104,1%-ды құрады. Өсім тамақ өнімдерінде – 1,5%, темекі өнімдері – 3,7%, жеңіл өнеркәсіп – 12,2%,  резеңке және пластмасс бұйымдары – 5%, өзге де бейметалл минерал өнімдерін өндіруде – 6,1%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде – 3,3%, машина жасауда 25,4% белгіленді.

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 15 өңірінде тіркелді, төмендеу Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау, Маңғыстау облыстарында және Астана қаласында белгіленді.