Балалар және 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттары

Балалар және 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттары

2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) Қазақстанның 2015 жылғы қыркүйекте қабылдаған халықаралық міндеттемелерінің бірі болып табылады және бірқатар нақты мақсаттар мен міндеттердің көмегімен қол жеткізілетін балалар мен жастардың өмірін жақсартуға бағытталған. Олар кедейлік пен аштықтың ауқымын қысқартуға (1 және 2-мақсаттар), денсаулық сақтауға (3-мақсат), білім беруді жақсартуға (4-мақсат) және гендерлік теңдікке (5-мақсат), балаларға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатуға (16.2-мақсат), сондай-ақ балалардың өміріне әсер ететін басқа да бірқатар салаларға қатысты.

 Қазақстан балалар мүддесінде ТДМ-ны іске асыру үдерісіне белсенді қосылған, өйткені білім беру мен денсаулық сақтауға, гендерлік теңдікке және әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты, балалар еңбегін, кедейлікті жоюға, сот әділдігіне қол жеткізуді арттыруға байланысты мақсаттарға қол жеткізу біздің еліміздің кішкентай азаматтарының толыққанды өмір сүруіне және дамуына көмектеседі.

Қазақстанда 2020 жыл басына 0-17 жастағы 6.1 млн.бала тұрған, бұл республика халқының жалпы санының үшінші бөлігін (33%) құрайды. Соңғы 10 жылда балалар саны 26% - ға өсті, ал мұның өзінде қалалық жерлерде (2010 жылдан бастап +45%) көп өсуі байқалады.

 02-1kz

 

Балалар өмірінің маңызды кезеңі білім алу болып табылады, оның сапасы мен қолжетімділігі әр баланың өміріндегі жетістігі және өз орнын  айқындауды анықтайды. Осылайша, №4 ТДМ-ның "толық және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлық өмір бойы оқу мүмкіндігін көтермелеу "Жетістігі балалардың тек білім алуында ғана емес, сонымен қатар өмірдің барлық салаларында жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Ерте жастағы балалардың даму индексі балалардың оқудағы алғашқы дағдыларды меңгеруін сипаттайды, бұл бастауыш мектептегі үлгерім үшін шешуші мәнге ие. Қазақстанда бұл көрсеткіштің мәні 85.5%  құрайды (2015ж.), бірақ жеткілікті жоғары деңгейге қарамастан, 2010 жылмен салыстырғанда аздаған төмендеу байқалады (86.1%).

Республикадағы мектепке дейінгі ұйымдардың саны жеке меншік балабақшалар желісін кеңейту және шағын орталықтарды дамытудың арқасында соңғы 10 жылда 2 еседен астам ұлғайды және 2019 жылы 10,6 мыңды құрады. Тәрбиеленушілердің контингенті 3 еседен астам өсті және 892.3 мың баланы құрады.

 02-2kz

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Балалар туралы статистика

Орындаушы: Басқарма басшысы: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
А. Әубәкірова А. Досанова Ә. Алданғарқызы 010000, Нұр-Султан қаласы
Тел. +77172 74 98 30 Тел. +77172 75 16 25 Тел.+77172 74 90 02 Мәңгілік ел даңғылы, 8
    E-mail: a.aldangarkyzy@economy.gov.kz Министрліктер Үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті