2023 жылғы қаңтар- қыркүйектегі өндіріс әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім

2023 жылғы қаңтар- қыркүйектегі өндіріс әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім

Есепті деректер бойынша 2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі Жалпы ішкі өнімнің нақты көлем индексі (НКИ) 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 104,9% құрады. ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 37,2%, қызметтерде – 54,2%.

Ең үлкен өсімді ақпарат және байланыс – 114,8%, құрылыс – 112,6%,  көтерме және бөлшек саудада сату – 110% салалары көрсетті.

ЖІӨ нақты көлем индексіне ең үлкен салымды көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу –1,43%,  тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 0,88% және құрылыс – 0,67 % салалары қосты.

ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі болып табылады.ЖІӨ-нің НКИ экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды.