2020 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстан Республикасында инфляция 3,7% құрады

2020 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстан Республикасында инфляция 3,7% құрады

Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы бес айда (2020 жылғы мамыр 2019 жылғы желтоқсанға) – 6,8%, азық-түлік емес тауарларына – 2,1%, ақылы қызметтерге 1,2% жоғарылады.

пайызбен, өсуі+, төмендеуі-

 

2020 жылғы мамыр

2020 жылғы қаңтар-мамыр
2019 жылғы қаңтар-мамырға

2020 жылғы
сәуірге

2019 жылғы
желтоқсанға

2019 жылғы мамырға

2015 жылғы
желтоқсанға

Тауарлар мен қызметтер

0,5

3,7

6,7

33,7

6,3

Азық-түлік тауарлары

1,2

6,8

10,7

43,6

9,6

Азық-түлік емес тауарлар

0,4

2,1

5,3

36,0

5,4

Ақылы қызметтер

-0,3

1,2

3,0

19,6

2,9

Ағымдағы жылдың басынан (2020 жылғы мамыр 2019 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі көкөністерге – 22,4%, жемістерге – 18,3%, құмшекерге – 12,1%, жармаларға – 10,6%, қой етіне – 8,6%, сары майға, макарон өнімдеріне – 7,5%-дан, ұнға – 6,9%, ет өнімдеріне – 6,8%, жылқы етіне – 6,7%, сиыр етіне – 6,1%, мәйекті ірімшікке – 5,5%, мұздатылған балыққа – 5,4%, шошқа етіне – 4,2%, шұжық өнімдеріне – 4,1%, пастерленген сүтке – 4%, шайға – 3,7%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдеріне – 3,4%, қышқыл сүт өнімдеріне – 3,2%, сүзбеге – 3%, нанға 2,4% белгіленді. Минералды және ас су – 5,6%, темекі өнімдері – 5,3%, салқындатылған сусындар 3,4% қымбаттады. Бағаның төмендеуі қырыққабатқа – 27,9%, күрішке – 2,6%, сөкке 1,7% тіркелді.

Баға өсімі жуғыш және тазалағыш құралдарға – 4,9%, дәрі-дәрмекке – 4,7%, жеке қолданылатын тауарларға – 4,5%, тұрмыстық аспаптарға – 3,6%, автомобильдерге – 3,4%, құрылыс материалдарына 2,1% құрады. Бензин 3,4% қымбаттады, ал дизель отыны 2,9% арзандады.

Баға деңгейі құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру қызметтеріне – 10%-дан, денсаулық қызметтеріне – 3,2%, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне – 2,2%, кабельдік телевизия қызметтеріне – 2%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне 1,9% өсті. Интернет желісіне қосылу үшін абоненттік төлем 2% жоғарылады. Қалалық көлігімен (такси) жол жүру ақысы – 4,8%, жолаушылардың әуе көлігімен 0,8% қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер кәрізге – 7%, суық суға – 6%, ыстық суға – 4,7%, орталықтан жылытуға 3,3% төмендеді, ал қоқыс шығаруға – 9%, электр энергиясына 0,4% өсті.

 01-1kz

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

2020 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 39,0%, азық–түлік емес тауарлар – 28,9%, ақылы қызметтер 32,1% құрады.

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Баға статистикасы

Орындаушы: Басқарма басшысы: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Рашидов А.Р. Тілепбергенова Э.Н. Алданғарқызы Ә. 010000, Нұр-Султан қаласы
Тел.: 8(7172)74-95-31 Тел.: 8(7172)74-90-57 Тел.:8(7172)74-90-02 Мәңгілік ел көшесі, 8
    E-mail: a.aldangarkyzy@economy.gov.kz Министірліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті