Қазақстан Республикасындағы жоғары білім

Қазақстан Республикасындағы жоғары білім

2023-2024 оқу жылында жоғары оқу орындарындағы студенттердің жалпы саны 592,7 мың адамды құрады, оның ішінде әйелдер – 53%. Ағымдағы оқу жылында 171,7 мың адам қабылданды, оның  52,8% – әйелдер.

Жоғары білім алып жатқан студенттердің ең көп саны республикалық маңызы бар қалаларда – Алматы (186,6 мың), Шымкент (83,4 мың) және Астана (75 мың).

 

Мемлекеттік жоғары білім ұйымдарында оқитын студенттердің үлесі 45,1%, жеке меншік ұйымдарында - 54,1%, шет меншігі – 0,7% құрады.

Мамандықтар бойынша студенттердің негізгі үлесі педагогика ғылымдары – 28,1%, инженерлік және құрылыс мамандықтары – 16,5%, бизнес, басқару және құқық – 14% бойынша оқиды.

2023-2024 оқу жылының басында Қазақстан Республикасында жұмыс істеп тұрған жоғары оқу орындарының саны – 112 ұйымды құрады. Оның ішінде 77 – университет, оның ішінде зерттеу, 14 – академия, 10 институт және оларға теңестірілген консерваториялар, жоғары мектептер мен жоғары училищелер, 8 – ұлттық жоғары оқу орны, 3 ұлттық зерттеу университеті бар.