Қазан айында 166,2 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды

Қазан айында 166,2 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды

2023 жылғы қазанында есепке 166,2 мың бірлік автокөлік құралы қойылды1), бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе артты, оның ішінде автобустар 1,7 есе, жеңіл автомобильдер 1,5 есе және жүк автомобильдері 1,4 есе артты.
Мәселен, 2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны
5 216,1 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар.
Пайдаланылатын отын түрі бойынша көліктің 82,1% бензинмен, аралас отынмен жүретін автомобильдердің үлесі – 7,6%, дизель отынымен – 7,1%, газбен жүретін автомобильдердің саны 11,6 мың бірлікті құрады, көліктің жалпы санында газбаллонды автомобильдің үлесі 0,2%. Тағы 7 074 бірлік автомобиль электр энергиясы есебінен қозғалады (0,1%), өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырсақ, ол кезде 577 бірлік электрлі автомобиль тіркеуде болған.
2023 жылғы 10 айдың ішінде 11 618 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 16 398 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда оқиғалар саны 2% қысқарды, зардап шеккендер саны 5,6% азайды.2)
2023 жылғы 1 қарашасындағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша 50,1млн. теңге сомасына 89 795 сақтандыру төлемін жүзеге асырды 3)



1)Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.
2) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетініңдеректері бойынша.
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша