Алматыда деректер экожүйесін басқаруға арналған тақырыптық конференция өтіп жатыр

Алматыда деректер экожүйесін басқаруға арналған тақырыптық конференция өтіп жатыр

 ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы БҰҰ статистика бөлімімен (БҰҰ-мен) және БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясымен (БҰҰ ЕЭК) ынтымақтастықта Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орта Азия елдері үшін тақырыптық конференция өткізіп жатыр. «Өзгерістер кезіндегі статистикалық ұйымды басқару» деп аталатын іс-шара статистикалық ұйымдардың тез өзгеретін жағдайларға бейімделудегі қажеттіліктері мен басымдықтарын қанағаттандыруға және әртүрлі көздерден деректерді әзірлеуге бағытталған.

Статистикалық офис басшылары мен сарапшылар Алматыда дамып келе жатқан деректер экожүйесі шеңберіндегі көшбасшылық, үйлестіру және коммуникация саласындағы соңғы тенденциялар мен басымдықтарды талқылау үшін жиналды. Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаев қатысушы елдер арасындағы ынтымақтастық пен озық тәжірибе алмасудағы конференцияның маңыздылығын атап өтті.

«Жеке деректерді жеткізушілер тарапынан өсіп келе жатқан бәсекелестік жағдайында конференция жаңа деректер экожүйесін құру үшін жаңа көздер мен инновациялық технологияларды дамытудың маңыздылығын көрсетеді. Цифрлық платформаларды, әлеуметтік желілерді және мобильді құрылғыларды қоса алғанда, дамып келе жатқан деректер ортасы нақты уақыттағы ақпарат пен терең талдаудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Алайда бұл дәстүрлі статистика шегінен шығу үшін инфрақұрылым мен дағдыларды дамытуға қомақты инвестицияларды талап етеді», – деп атап өтті Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаев.

Бүгінгі таңда статистикалық басқармалар жаңа сын-қатерлерге тап болуда, сондықтан конференция динамикалық өзгерістерді қарастыру мен статистика ұйымдарының болашақ бағытын айқындаудағы маңызды платформа болмақ.