Республика күніне орай Ұлттық статистика бюросы қызметкерлері арасында спартакиада өтті

Республика күніне орай Ұлттық статистика бюросы қызметкерлері арасында спартакиада өтті

Өткен демалыс күндері ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының қызметкерлері арасында спорт жарысы өтті.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің, Ұлттық статистика бюросының, Астана қаласы мен Қарағанды облысының филиалдары мен ведомстволық бағынысты «Ақпараттық-есептеу орталығы» қызметкерлерінен жасақталған бес команда футбол, волейбол, үстел теннисі және шахмат сияқты спорт түрінен сынға түсті.

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Мақсат Тұрлыбаев "Республика күніне" орайластырылған бұл спорттық іс-шара салауатты өмір салты мен спортты насихаттау мақсатында өткізіліп жатқанын атап өтті.

Осылайша, шағын футбол жарысының қорытындысы бойынша Ақпараттық-есептеу орталығының командасы 1-орынды, 2-орын – Бюроның орталық аппараты және 3-орын – Астана қаласы статистика департаментінің командасы жеңіп алды.

Волейбол жарысының қорытындысы:
І орын – Бюроның орталық аппараты
ІІ орын – Астана қаласының департаменті
ІІІ орын – Ақпараттық-есептеу орталығы
  
Шахмат ойыны бойынша жеңіпаздар:
І орын – Астана қаласының департаменті
ІІ орын – Ақпараттық-есептеу орталығы
ІІІ орын – Бюроның орталық аппараты

Теннис бойынша:
І орын – Астана қаласының департаменті
ІІ орын – Ақпараттық-есептеу орталығы
ІІІ орын – Бюроның орталық аппараты

Спартакиаданың барлық жеңімпазына кубоктар мен мақтау қағаздары табысталды.