
2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте 33 972,8 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында – 15 925,1 млрд теңгеге (жалпы көлемнен 46,9%), өңдеу саласында – 15 890,1 млрд теңгеге (46,8%).
Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 5,4%, өңдеу өнеркәсібінде – 3,2%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 5,1%, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 5,6% байқалды.
Шикі мұнайды (108,4%), табиғи газды (106,1%), темірді қоспағанда, кендерді (101%), өзге де пайдалы қазбаларды (113,9%) өндіру салаларының артуына байланысты 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өнеркәсіп индексі 105,4% құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде есепті кезеңде 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда индекс 103,2%-ды құрады. Өсім тамақ өнімдерінде – 3,3%, сусындар – 3,2%, резеңке және пластмасс бұйымдары – 6,8%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде – 4,2%, машина жасауда – 27,3% белгіленді.
Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 15 өңірінде тіркелді, төмендеу Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау, Маңғыстау облыстарында және Астана қаласында байқалды.
