Ұлттық статистика бюросының қызметкерлері «Qazaqstan Project Management Awards-2023» ұлттық байқауының қола жүлдегерлері атанды

Ұлттық статистика бюросының қызметкерлері «Qazaqstan Project Management Awards-2023» ұлттық байқауының қола жүлдегерлері атанды

Бүгін Digital Bridge-2023 халықаралық технологиялық форумында «Qazaqstan Project Management Awards – 2023» ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталды.

Байқау қорытындысы бойынша ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының командасы «Орталық мемлекеттік органдар» аталымы бойынша «Жылдың үздік жобасы» номинациясының қола жүлдегері атанды.

Жүлделі орынды Бюроның Статистикалық тіркелімдер мен жіктеу департаментінің директоры Елнұр Бекбердиев пен Статистикалық тіркелімдер мен жіктеу департаменті директорының орынбасары Ұлжан Беделова иеленді.

 Олар анықтамалық жіктеуіштер мен анықтамалықтарды сақтауға және жүргізуге арналған «Ұлттық статистикалық ақпарат» цифрлық сервисінің жобасын таныстырды.

Айта кетейік, «Qazaqstan Project Management Awards» Қазақстанда 2020 жылдан бері өткізіліп келеді, ол жоба командаларын қолдауға және олардың жобаларды басқару саласындағы жетістіктерін бағалауға бағытталған.