Бюроның Астана қаласындағы аймақтық департаментінде «Ашық есік күні» өтті

Бюроның Астана қаласындағы аймақтық департаментінде «Ашық есік күні» өтті

Астана қалалық статистика департаментінде «Ашық есік күні» ұйымдастырылып, онда елорданың түрлі колледждерінің студенттері қонақ болды. Іс-шараға «Тұран» колледжінің, Еуразия Гуманитарлық Институтының Жоғары колледжінің, М.Жұмабаев атындағы Халықаралық колледждің, Менеджмент, бизнес және білім колледжінің студенттері қатысты.


Департамент қызметкерлері оларға статистика саласының тарихы жайлы баяндап, саланың жұмыс ауқымы мен маңыздылығын түсіндірді. Олар сондай-ақ статистика органдарында практикалық дайындықтан өту және жұмысқа орналасу үшін жас мамандарға қолжетімді мүмкіндіктерді атап өтті.


Іс-шара барысында студенттер статистиктер жұмысының ерекшеліктерімен танысу мүмкіндігіне ие болды. «Ашық есік күні» жастардың статистика саласы бойынша білімін толықтырып, болашақта жұмысқа орналасу жайында ой салған жемісті іс-шара болды.