Алматы аумақтық департамент қызметкерлері спартакиада жүлдегерлері атанды

Алматы аумақтық департамент қызметкерлері спартакиада жүлдегерлері атанды

Алматыда мемлекеттік қызметшілер арасында Спартакиада өтіп, онда Бюроның Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері жүлделі орындарға ие болды. Мәселен, Дәулет Багисов гір спорты бойынша І орынды, Бауыржан Анарбеков, Гүлбахыт Искендирова кедергілер жолағы бойынша І орынды иеленді.

Сонымен қатар, тағы бір қызметкер Назым Ахметова армрестлингтен ІІ орынды иеленді. Айнұр Жүнісахын үстел теннисінен ІІІ орын алды.

Спартакиаданы Алматы қаласының спорт басқармасы ұйымдастырды. Жарысқа мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.

Спартакиада бағдарламасында волейбол, жеңіл атлетика, шағын футбол, шахмат, гір, үстел теннисі және армрестлинг сияқты спорт түрлері болды.
Айта кету керек, әкімшілік және мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакиада 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. 2022 жылы Алматы қаласы бойынша бюро департаментінің құрамасы футболдан спартакиада жеңімпазы және волейболдан қола жүлдегер атанған.