2020 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстан Республикасында инфляция 3,2% құрады

2020 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстан Республикасында инфляция 3,2% құрады

Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы төрт айда (2020 жылғы сәуір 2019 жылғы желтоқсанға) – 5,5%, азық-түлік емес тауарларына – 1,7%, ақылы қызметтерге 1,5% жоғарылады.

пайызбен, өсуі

 

2020 жылғы сәуір

2020 жылғы қаңтар-сәуір
2019 жылғы қаңтар-сәуірге

2020 жылғы
наурызға

2019 жылғы
желтоқсанға

2019 жылғы
сәуірге

2015 жылғы
желтоқсанға

Тауарлар мен қызметтер

0,9

3,2

6,8

33,0

6,2

Азық-түлік тауарлары

1,9

5,5

10,4

42,0

9,4

Азық-түлік емес тауарлар

0,3

1,7

5,4

35,5

5,4

Ақылы қызметтер

0,1

1,5

3,5

19,9

2,9

Ағымдағы жылдың басынан (2020 жылғы сәуір 2019 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі көкөністерге – 24,9%, құмшекерге – 13,6%, жемістерге – 12,5%, жармаларға – 8,4%, сары майға – 6,1%, қой етіне – 5,4%, макарон өнімдеріне, жылқы етіне, сиыр етіне – 4,9%-дан, ет өнімдеріне – 4,8%, ұнға – 4,2%, мұздатылған балыққа – 4,1%, мәйекті ірімшікке – 3,7%, пастерленген сүтке – 3,2%, шошқа етіне – 2,9%, сүзбеге, шұжық өнімдеріне – 2,8%-дан, қышқыл сүт өнімдеріне – 2,7%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдеріне – 2,3%, шайға – 1,9%, нанға 1,7% белгіленді. Темекі өнімдері – 4,7%, минералды және ас су – 3,4%, салқындатылған сусындар 2,3% қымбаттады. Бағаның төмендеуі күрішке – 2,5%, сөкке 1,3% тіркелді.

Баға өсімі дәрі-дәрмекке – 4%, жеке қолданылатын тауарларға, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 3,8%-дан, автомобильдерге – 2,6%, тұрмыстық аспаптарға 2,2% құрады. Бензин 4,1% қымбаттады, ал дизель отыны 2,2% арзандады.

Баға деңгейі құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру қызметтеріне – 10%-дан, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне – 2,2%, кабельдік телевизия қызметтеріне – 1,9%, денсаулық қызметтеріне 1,5% өсті. Интернет желісіне қосылу үшін абоненттік төлем 2% жоғарылады. Қалалық көлігімен (такси) жол жүру ақысы 4,2% қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер қоқыс шығаруға 6,2% өсті, ал кәрізге – 2,7%, суық суға 1,8% төмендеді.

 04-1kz

 

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

2020 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 39,0%, азық–түлік емес тауарлар – 28,9%, ақылы қызметтер 32,1% құрады.

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Баға статистикасы

Орындаушы: Басқарма басшысы: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Рашидов А.Р. Тілепбергенова Э.Н. Алданғарқызы Ә. 010000, Нұр-Султан қаласы
Тел.: 8(7172)74-95-31 Тел.: 8(7172)74-90-57 Тел.:8(7172)74-90-02 Мәңгілік ел көшесі, 8
    E-mail: a.aldangarkyzy@economy.gov.kz Министірліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті