Еңбек нарығындағы жағдай

Еңбек нарығындағы жағдай

2023 жылғы II тоқсанда Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын болғандардың) жұмыссыздық деңгейі 4,7% құрады1).

Республика экономикасының әртүрлі салаларында 9 115,1 мың адам жұмыспен қамтылды, олардың 6 945,8 мыңы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,2%) жалдамалы қызметкер болса, 2 169,3 мың адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 23,8%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. 15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 65,6% құрады.

Өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 144 мың адамға өсті, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар 104,1 мың адамға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 39,9 мың адамға.

Жұмыспен қамтылған халықтың ең көп үлесі сауда (16,6%), білім беру (12,9%), өнеркәсіп (12,3%) және ауыл шаруашылығы (12,2%) салаларында байқалды.

2023 жылғы II тоқсанда 452,6 мың жұмыссыз адам болды (ХЕҰ әдістемесі бойынша).

15-34 жастағы2) жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,6% құрады. Жұмыс істемейтін және оқымайтын не кәсіптік білім алмайтын NEET жастарының үлесі 7,5% (401,6 мың адам) құрады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2023 жылғы шілде айының соңына 293,5 мың жұмыссыз ресми тіркелген.  Тіркелген жұмыссыздардың жұмыс күшіндегі үлесі – 3,1%.

Анықтама:

Жұмыссыздар (Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарына сәйкес) – бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын адамдар.

1) Халықтың жұмыспен қамтылуына іріктеу арқылы жүргізілетін зерттеу деректері.

2) Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жастардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылды.