
2023 жылғы шілдеде тұтыну бағаларының индексі 0,6% құрады (маусымда – 0,5%). Ақылы қызметтер – 1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы – 0,7%, азық-түлік тауарлары 0,1% өсті.
Қызметтер бойынша қоқыс шығару тарифі 4,5% өскен, тарату желілері бойынша тасымалданатын газ – 2,5%, электр энергиясы 1,7% қымбаттаған. Әуе билеттеріне баға 4%, ұялы байланыс қызметіне – 2,8%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметіне – 1,5%, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметіне – 1,4%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 1,3% денсаулық сақтау қызметіне – 1% өсті.
Шілдеде бағаның өсуі дыбыс-бейне шолу (теледидиар, ноутбук, фотоаппарат және т.б.) жабдығына – 9,6%, тұрмыстық құралдарға – 1,2%, ыдысаяққа – 1,1%, спорт, туризм және демалуға арналған жабдықтарға – 0,9%, тоқыма бұйымдарына, жеке қолданатын тауарларға 0,8%-дан байқалды. Маусым айымен салыстырғанда баға баллондағы сұйытылған газға – 6,2%, АИ-95/96 маркалы бензинге – 4,5%, АИ-98 бензинге 3,6% өсті.
Азық-түлік тауарлары арасында баға күрішке – 2,1%, консервіленген сүтке – 1,2%, сары майға 0,7% өсті. Бағаның өсуі салқындатылған сусындарға – 0,9%, алкогольді сусындарға – 1%, минералды және ауыз суға – 1,9%, темекі өнімдеріне – 2,6% байқалды. Жаңа піскен көкөністер – 3,8%, күнбағыс майы – 2,5%, қарақұмық жармасы – 2,2%, жаңа піскен жемістер – 2%, құмшекер 1,2% арзандады.
Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Ұлытау облысында – 1% (республикалық орташа деңгейден 0,4 п.т. жоғары), ең төменгі – Алматы облысында тіркелді – 0,1%.
Өңірлер арасында азық-түлік тауарларының ең жоғары бағасы Астана қаласында, өсім – 1,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша – Қызылорда облысы – 1,8%, ақылы қызметтер – Шымкент қаласында, өсім – 3,5%.

Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бағаның өзгеруі
пайызбен, өсуі
|
|
2023 жылғы шілде |
|
|
2022 жылғы шілдеге |
2023 жылғы маусымға |
|
|
Тауарлар мен қызметтер |
14,0 |
0,6 |
|
Азық-түлік тауарлар |
13,5 |
0,1 |
|
Азық-түлік емес тауарлар |
15,0 |
0,7 |
|
Ақылы қызметтер |
13,6 |
1,0 |
2023 жылғы шілдеде жылдық мәндегі инфляция деңгейі 14% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 13,5%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 15%, ақылы қызметтер 13,6% өсті.
2022 жылғы шілдемен салыстырғанда кеңсе тауарлары 64,4%, күріш – 44,3%, қантсыз қоюландырылған сүт – 42,4%, күндізгі стационарлық емдеу – 40,8%, ыдыс жууға арналған құралдар – 37,4%, кір сабын – 35,9%, қырыққабат – 27,5%, тосап, джем 25,9% қымбаттады. Керісінше, жылдық мәнде құмшекер – 17,4%, қарақұмық жармасы – 10,5%, күнбағыс майы – 4,7%, қызылша – 6,1%, сәбіз – 3,4%, картоп 1,3% арзандады.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары барлығы 508 позиция бойынша бақыланады. Бағаларды тіркеу барлық облыс орталығында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгілі бір шеңберінде әртүрлі меншік нысанындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктемелі желісі бойынша жүргізіледі.
Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.
*2023 жылғы қаңтардан бастап, тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 41,8%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 29,6%, ақылы қызметтер 28,6% құрады.