
Есепті деректер бойынша 2022 жылғы Жалпы ішкі өнімнің нақты көлем индексі (НКИ) 2021 жылға қарағанда 103,2% құрады. ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 40%, қызметтердікі – 52,9%.
Ең үлкен өсімді Құрылыс 110,2%, Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 109,1%, Көтерме және бөлшек саудада сату – 104,6% салалары көрсетті.
ЖІӨ-нің нақты көлем индексіндегі ең үлкен салымды Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 0,80%, Құрылыс – 0,58 % және Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 0,46% салалары қосты.


ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі. ЖІӨ-нің НКИ-і экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды.