Қызылорда облысы бойынша бюроның аумақтық департаментінде жаңа басшы

Қызылорда облысы бойынша бюроның аумақтық департаментінде жаңа басшы

Қызылорда облысы бойынша Ұлттық статистика бюросының департаментінің басшысы болып Қайрат Абсұлтанов тағайындалды, бұған дейін ол Арал қаласының аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Қайрат Абсұлтанов 2000 жылы Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік  институтын мал өнімін өндіру технологиясы/Қаржы мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ 2007 жылы «Болашақ» университетін «құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Статистикада еңбек жолын Қазалы аудандық статистика бөлімінің бас маманы болып бастаған. Бұдан әрі Жалағаш аудандық статистика бөлімінің бөлімше басшысы болып еңбек етті. 2005-2007 жылдары Қызылорда облысы статистика басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. Сондай-ақ Қызылорда қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің құрылымында түрлі қызметтер атқарды. Қызылорда облысы әкімдігінің Іс басқармасының директоры болып жұмыс істеді.  Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы болып тағайындалғанға дейін Арал қаласындағы Арал ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.