
2023 жылғы мамырда есепке 161,1 мың бірлік автокөлік құралы қойылды1). Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 1,5 есе, оның ішінде жүк автомобильдерінің саны 1,8 есе, автобустар – 1,7 есе және жеңіл автомобильдер – 1,5 есе артты.
2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 872,8 мың бірлікті құрады, оның 87,8% – жеңіл автомобильдер, 10,1% – жүк және 2,1% – автобустар.
Автобустар бойынша, жалпы елімізде жолаушыларды 100 701 автобус тасымалдайды, бұл өткен жылғы сәйкес уақытпен салыстырғанда 25,9% артық. Шыққан жылы 10-нан 20 жылға дейінгі автобустардың жалпы тіркелген санынан үлесі 38,4%, 20 жылдан асқандардікі – 36,6%.
Өңірлік бөліністе автобустардың ең көп саны Алматыда – 12 654 бірлік, Астанада – 7398 бірлік және Алматы облысында – 7644 бірлік. Автобустардың ең аз саны Ұлытау (114) және Абай (241ед.) облыстарында тіркелді. Автобустардың 47,1% жеке тұлғаларға тиесілі, қалған 52,9% заңды тұлғалардың иелігінде.

1)Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.