
Экономикалық сектор
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2023 жылғы қаңтар-маусымда 2022 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 105,6% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 521476 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,7% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 512426 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 414821 құрады, оның ішінде 405923 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).
Тұтыну бағасының индексі 2023 жылғы маусымда 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 105,3% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 5,8%, азық-түлік емес тауарларға – 5,1%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 4,6% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2023 жылғы маусымда 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,7% төмендеді.
Әлеуметтік сектор
2023 жылғы мамырда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 170129 (алдын ала деректер) теңгені құрады, бұл 2022 жылғы мамырға қарағанда 12,9% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 2,6% төмендеді.
2023 жылғы маусымда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 451 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2023 жылғы маусымның соңына 283,2 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 3%.