
2023 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара сауда 11429,9 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 10,5%* көбейді.
2023 жылғы қаңтар-мамырда тауарлар экспорты 4455,5 млн. АҚШ доллары (45,3% көп), импорт – 6974,4 млн. АҚШ доллары (4,2% аз) деңгейінде қалыптасты.
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 91,9%, бұдан әрі Қырғызстанға – 4,7%, Беларусқа – 3,2%, Арменияға – 0,2% келеді.
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы**
(млн АҚШ доллары)
|
|
Экспорт |
Импорт |
||
|
қаңтар-мамыр 2022ж. |
қаңтар-мамыр 2023ж. |
қаңтар-мамыр 2022ж. |
қаңтар-мамыр 2023ж. |
|
|
Ресей |
2 785,3 |
4 040,6 |
6 805,1 |
6 465,8 |
|
Қырғызстан |
247,5 |
337,7 |
163,6 |
199,8 |
|
Беларусь |
29,6 |
68,6 |
305,3 |
299,5 |
|
Армения |
3,1 |
8,6 |
3,8 |
9,3 |
|
Барлығы |
3 065,4 |
4 455,5 |
7 277,7 |
6 974,4 |
** Жекелеген жағдайларда қорытынды мен қосылғыштар сомасы арасындағы шамалы айырмашылықтар деректерді дөңгелектеумен түсіндіріледі.
ЕАЭО елдерімен экспорттағы ең жоғары үлес машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттарға тиесілі – 28,9%, одан кейін химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері – 25,4%.
ЕАЭО елдерінен Қазақстанға әкелінетін импорт құрылымында мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары басым – 20,2%, металдар мен олардан жасалған бұйымдар үлесі 18,8%, сондай-ақ, машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар бойынша 17,5%.
