Қазақстан Республикасындағы бөлшек сауданың 2023 жылғы қаңтар-маусымдағы жағдайы туралы

Қазақстан Республикасындағы бөлшек сауданың 2023 жылғы қаңтар-маусымдағы жағдайы туралы

2023 жылғы қаңтар-маусымда бөлшек сауда көлемі 7 759,5 млрд. теңгені құрады немесе 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 8,8% өсті. Саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 5 632,9 млрд. теңгені құрады, бұл да 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 11,9% жоғары.

Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 29,3% құрады, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі – 70,7%.

Сауда көлемінің ең көп өсімі азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша, атап айтқанда мотор отыны, автомобиль, киім, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, тамақ өнімдері, сусындар мен темекі өнімдері, аяқкиім, косметика тауарлары және жеке заттар, тұрмыстық электр құралдары, жиһаз, сағат пен зергерлік бұйымдар сататын кәсіпорындарда байқалды.

2023 жылғы 1 шілдедегі сауда кәсіпорындарының тауар қорының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1 538 млрд. теңгені, сауда күндерінде 72 күнді құрады (2022 жылғы 1 шілдеге сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі – 1162,7 млрд. теңгені, сауда күндерінде – 61 күн).

 

Биылғы алғашқы жарты жылда республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы (31,3%) және Астана қалаларына (12,6%), Қарағанды (7,6%) және Шығыс Қазақстан (6,3%) облыстарына тиесілі.