2023 жылғы маусымдағы тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі мен мәмілелер саны

2023 жылғы маусымдағы тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі мен мәмілелер саны

Бір жылда (2023 жылғы маусым 2022 жылғы маусымға) пәтерлерді қайта сату бағалары – 1,9%, жаңа тұрғын үйлерді сату 5% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы маусымда 26,8% артты.

Өңірлер бөлінісінде жаңа тұрғын үй нарығында жылдық мәнде баға Павлодар – 18,1%, Ақтау – 18%, Семей– 16% қалаларында едәуір қымбаттады. Қолданыстағы пәтерлер нарығында баға өсімі бойынша Семей (29,9%), Ақтөбе (22,4%), Қызылорда (19%) және Қостанай (18,8%) қалалары көш басында тұр, ал тұрғын үйді жалға беру нарығында баға Көкшетау  (45,5%), Петропавл (41,5%), Ақтау (41,1%) және Алматы (38,8%) қалаларында айтарлықтай өскен.

Тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі

пайызбен, өсуі+, төмендеуі-

 

1 шаршы

метрінің бағасы, теңге

2023 жылғы маусым

Анықтама: 2023 жылғы мамыр

 

2022 жылғы  маусымға

2023 жылғы   

мамырға

2022 жылғы   мамырға

2023 жылғы       сәуірге

Жаңа тұрғын үйлерді сату

486 880*

5,0

0,2

6,0

0,0

Пәтерлерді қайта сату

503 185

1,9

-0,5

2,8

0,0

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі

4 633

26,8

-0,5

26,0

0,0

             

*  Бастапқы, таза әрленген пәтерлердің жалпы ауданының бір шаршы метрінің республика бойынша орташа бағасы.

 

Бір айдың ішінде (2023 жылғы маусым 2023 жылғы мамырға) жаңа тұрғын үйді сату бағасы – 0,2% жоғарылады. Пәтерлерді қайта сату және абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда маусымда әрқайсысы 0,5%-дан арзандады.

2023 жылғы маусым айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 29 880 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 7 887 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 21 993 мәміле жасалды. 2023 жылдың мамырымен салыстырғанда (25 588) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 16,8%-ға өсті. Мәмілелер саны бойынша Алматы (4 793 – 16%), Астана (4 522 – 15,1%) қалалары, сонымен қатар,  Қарағанды облысы (2 841 – 9,5%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 343 бірлік (1,1%).

2023 жылдың мамыр айымен салыстырғанда маусымда еліміздің барлық өңірінде оң динамика байқалды. Осылайша, мәмілелер санының ең көп өсімі Солтүстік-Қазақстан (34,4%-ға), Атырау (30,1%-ға), және Жетісу (29,3%-ға) облыстарында тіркелді.

2023 жылдың мамырымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 16,2%-ға (3 071 мәмілеге) өсті. Маусым айында пәтерлер бойынша барлығы 21 993 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 73,6%-ы. Бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, маусым айында олардың  8 525-сі ресімделді. Сауданың негізгі үлесі Астана (20,1%), Алматы (19,2%) қалаларына және Қарағанды облысына (10,7%) тиесілі.

2023 жылдың мамыр айымен салыстырғанда, жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны да 18,8%-ға ұлғайып (1 221 мәмілеге), 7 887-ны құрады. Оң көрсеткіш Шымкент қаласын қоспағанда (3,6%-ға азайған), барлық өңір бойынша байқалды.

2023 жылдың маусымында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері былтырғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 3,7%-ға азайған, ол кезде 31 019 мәміле ресімделген болатын. Төмендеудің ең үлкен көрсеткіші Шығыс-Қазақстан облысында (40,3%-ға) байқалды. Осылайша теріс көрсеткіш барлық дерлік аймақта тіркелді, оң динамика Қостанай облысында (18,3%-ға)  және республикалық маңызы бар қалаларда (Астанада 17,5%-ға, Алматыда 8,7%-ға, Шымкентте +2,1%-ға) байқалды.