
Қазақстан Республикасында 2022 жылы барлық қаржыландыру көздерінен негізгі капиталға салынған инвестициялар 15 251,1 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 9,2% өсті (салыстырмалы бағамен).

Жалпы республикалық басты салымдардың жартысына жуығын ірі және орта кәсіпорындар жасаған. Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2022 жылы 11 161 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 73,2% -құрады.
2022 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың едәуір үлесі өнеркәсіпке (48,4%)(оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуға –29,2%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға (19,3%), көлік және қойма (11,3%) салаларына тиесілі.

Өңірлік тұрғыда республиканың 18 өңірінде негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі байқалды. Бұл ретте ең үлкен өсім Қызылорда және Жетісу облыстарында (әрқайсысында 1,3 есе), Павлодар және Манғыстау облыстарында (әрқайсысында 1,2 есе). Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемінің төмендеуі Атырау (0,4%) және Ұлытау (7,9%) облыстарында байқалды.