2022 жылы Өнеркәсіп өндірісінің индексі 101,2% құрады

2022 жылы Өнеркәсіп өндірісінің индексі 101,2% құрады

Қазақстанда 2022 жылы өнеркәсіп өндірісінің индексі 101,2% болды. 2022 жылы өнеркәсіп өнімдері 48 777 млрд. теңгеге өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында 24 926 млрд. теңгеге (жалпы көлемнен 51,1%), өңдеуде 21 162 млрд. теңгеге (43,4%).

2022 жылы шикі мұнайды (98,1%), табиғи газды (98,9%), темір кенді (79,6%) және өзге де пайдалы қазбаларды (96,2%) өндірудің төмендеуіне байланысты тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс индексі 99,1% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 3,6%-ға өсті. Тамақ өнімдерін өндіру (106,4%), сусындар (111%), темекі өнімдері (108,9%), мұнайдың өңделген өнімдері (101,8%), химия өнеркәсібінің өнімдері (113,6%), резеңке және пластмасса бұйымдар  (104,8%), өзге де бейметалл минералды өнімдер (102,7%), негізгі асыл және түсті металдар (106,9%),  дайын металл бұйымдары  (103,6%), машина жасау (110,8%) өнімдерінің өндірісі өсті.

  Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 2022 жылы
өнеркәсіп индексі 95,8%-ды құрады.  Суды жинау, өңдеу және тарату көлемдері – 1,9%, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) 7% төмендеді.

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 13 өңірінде тіркелді, төмендеу Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Түркістан облыстарында байқалды.