Мемлекеттік органдардағы үлгілі қызметі, көпжылғы адал еңбегі, сондай-ақ статистика саласын дамытуға қосқан жеке үлесі үшін бюроның екі қызметкері «Үздік мемлекеттік қызметші» құрметті төсбелгісінің иегері атанды.ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінен естелік белгісін Ұлттық статистика бюросының басшысы Жандос Шаймарданов табыс етті.
Наградаға статистикалық процестерді дамыту департаменті директорының орынбасары Гүлмира Бексаутова мен өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті директорының орынбасары Әсел Жартыбаева ие болды.
Өз кезегінде Әсел Жартыбаева статистика саласында 1998 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Еңбек жолын Павлодар қаласында баға статистикасы бөлімінің экономисі болып бастаған.
Гүлмира Бексаутова мемлекеттік қызметте 15 жылдан астам уақыт жұмыс істейді, еңбек жолын ҚР Статистика агенттігінде маман болып бастаған.Біз әріптестерімізді марапатымен құттықтаймыз және жаңа жетістіктерге жете беруін тілейміз.