2019 жылы Қазақстан Республикасындағы үй шаруашылықтарының азық-түлік өнімдерін тұтынуы туралы

2019 жылы Қазақстан Республикасындағы үй шаруашылықтарының азық-түлік өнімдерін тұтынуы туралы

2019 жылы өткен жылмен салыстырғанда  азық-түлік өнімдерінің төрт топтары бойынша: балық және теңіз өнімдерін 10,6%, жемістер 3,3%, ет және ет өнімдері – 1,3%, жұмыртқа 0,5% тұтынудың өсуі байқалды.

 24-1kz1

 

Халықтың жан басына шаққандағы азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша тұтынуы айына орташа алғанда: картоп – 4 кг, бірінші сортты бидай ұнынан пісірілген нан – 2,9 кг, сиыр еті – 2 кг, шикі сүт - 1,7 л, айран - 1,4 л, жұмыртқа – 16,2 дана, алма - 1,6 кг, құмшекер - 1,5 кг, күріш - 1,3 кг, макарон - 1 кг, жаңа ауланған немесе салқындатылған балық - 0,7 кг, қара шай  - 0,1 кг құрады.

Қала және ауыл халқының азық-түлік өнімдерінің негізгі топтарын тұтынуын салыстырғанда ең жоғары саралану жұмыртқаны, сондай-ақ жемістерді, нан өнімдерін және жарма өнімдерін тұтыну бойынша байқалады.

 24-1kz2

 

Тұтыну көлемі ең аз және ең көп азық-түлік өнімдерінің негізгі топтарын орташа жан басына шаққандағы тұтынуының өңірлік аспектісін қарастыра отырып, келесі жетекші өңірлерді атап өтуге болады:

Азық-түлік өнімдерінің топтары

Тұтынуы ең аз өңірлер

Тұтынуы ең көп өңірлер

нан өнімдері және жарма өнімдері

Нұр-Сұлтан қ. (105,5 кг)

Түркістан  (184,7 кг)

ет және ет өнімдері

Шымкент қ. (53,1 кг)

Қарағанды (92,2 кг)

балық және теңіз өнімдері

Шымкент қ. (6,6 кг)

Солтүстік Қазақстан (20,1 кг)

сүт және сүт өнімдері

Шымкент қ. (192,8 кг)

Ақмола (314,0 кг)

жұмыртқа (дана)

Маңғыстау (128,1  дана)

Қарағанды (247,3 дана)

май және тоңмай

Шымкент қ. (12,9 кг)

Қарағанды (22,3 кг)

жемістер

Қостанай (60,7 кг)

Алматы қ.  (98,1 кг)

көкөністер

Ақтөбе (61,3 кг)

Түркістан  (110,2 кг)

картоп

Қызылорда  (42,5 кг)

Қарағанды (60,4 кг)

қант, джем, бал, шоколад, кондитерлік өнімдер

Шымкент қ. (36,6 кг)

Ақмола  (51,0 кг)

Шеткі децильдік топтар аралығында азық-түлік өнімдерін тұтыну бойынша айтарлықтай саралану сақталуда, мәселен ең аз қамтамасыз етілген халықтың 10% ең көп қамтамасыз етілген халықтың 10%-мен салыстырғанда, балық және теңіз өнімдерін 3,5 есеге, ет және ет өнімдерін, жемістерді 3,2 есеге, сүт және сүт өнімдерін – 3 есеге, жұмыртқаны – 2,9 есеге аз тұтынған.

 24-1kz3

www.stat.gov.kz / Жаңалықтар – Комитеттің баспасөз хабарламалары

Орындаушы: Басқарма басшысы: Баспасөз қызметі: Мекенжайы:
Д.Е. Маликова Н.Е. Белоносова Ә. Алданғарқызы 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 7172 74 96 87 Тел. +7 7172 74 90 22 Тел. +7 7172 74 90 02 Мәңгілік Ел даңғылы, 8
    E-mail: a.aldangarkyzy@economy.gov.kz Министрліктер Үйі,
4-кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті