
Қазақстан Республикасында 2019 жылдың соңына арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөнінде 263 ұйым, cоның ішінде стационарлық үлгідегі ұйымдар 165 және жартылай стационарлық үлгіде – 67, уақытша болу ұйымдары – 30, сондай-ақ, 1 – арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетудің бірнеше шарттары бар ұйымдар есепке алынды.
Жыл соңына осы ұйымдарда тұратындар саны – 39553 адамды, соның ішінде әйелдер – 19260 (48,7%) құрады. Стационарлық үлгідегі арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі
ұйымдарда – 24170 адам немесе 61,1%, жартылай стационарлық үлгіде – 12770 адам немесе 32,3%, уақытша болу ұйымдарында 2332 адамды немесе 5,9%, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетудің бірнеше шарттары бар ұйымдарда – 281 адам немесе 0,7% құрады.
Тұратындардың (қызмет көрсетілетін) жалпы санынан жасы бойынша зейнеткерлер – 13010 адам немесе 32,9%, туысы жоқ жалғыз бастылар – 5907 адам немесе 15%, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар – 1989 адам немесе 5%, ақылы шарттармен тұратындар – 785 адам немесе 2%, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар – 379 адам немесе 1%, Ұлы Отан Соғысына қатысқандар мен мүгедектер – 59 адам немесе 0,1%, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары – 99 адам немесе 0,3% тіркелген.
Жыл соңына тұратын (қызмет көрсетілетін) мүгедек адамдар 24099, соның ішінде тірек-қозғалыс аппараты бұзылған – 4125 адам (17,1%), психикалық мінез-құлқының ауытқуымен – 18151 адам (75,3%) құрады.
www.stat.gov.kz / Жаңалықтар / Комитеттің баспасөз хабарламалары
| Орындаушы: | Басқарма басшысы: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Төкешова Д. М. | Ханжігітов Н.Е. | Алданғарқызы Ә. | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7(7172) 74-92-58 | Тел. +7 (7172) 74-90-61 | Тел.+7 (7172) 74-90-02 | Мәңгілік ел даңғылы, 8 |
| E-mail: a.aldangarkyzy@economy.gov.kz | Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті