Қызметтердің кәсіптік топтары, экономикалық қызмет түрлері және өңірлер бөлінісінде бос жұмыс орындары мен кадрларға қажеттілікті анықтау үшін Статистика комитеті «Ірі және орта кәсіпорындардағы кадрларға қажеттілік және саны туралы есеп» статистикалық нысаны бойынша статистикалық байқауды жүргізеді.
Аталған нысан бойынша статистикалық ақпаратты жинау қаржы және сақтандыру қызметінен; мемлекеттік басқару және қорғаныстан; міндетті әлеуметтік қамтамасыз етуден; өзге де қызмет түрлерін ұсынатын қызметтен; аумақтан тыс ұйымдардың және органдардың қызметінен басқа экономикалық қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыратын ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдардан жүргізіледі.
Кәсіптік топтардың тізбесі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Тухникалық реттеу және метрология комитетінің 2017 жылғы 11 мамырдағы №130-од бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қызметтердің Ұлттық Сыныптауышына сәйкес анықталған.
Бос жұмыс орындар туралы мәліметтерді қалыптастыру кезінде ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қызметкерлердің жұмыстан босатылуына байланысты босаған бос жұмыс орындар, және жаңадан құрылған жұмыс орындары ескерілген.
Кадрларға күтілетін қажеттілікті анықтау кезінде ағымдағы жылы кәсіпорынның қызметін кеңейту және жаңа жобаларды іске асыру үшін қажет қызметкерлердің болжамды қосымша саны есепке алынды.
Осы байқаудың нәтижелері бойынша 2020 жылғы 1 қаңтарға зерттелген кәсіпорындардағы қызметкерлердің тізімдік саны 2 471,5 мың адамды, бос жұмыс орындар саны 32 823 бірлікті құрады. Қызметкерлердің тізімдік санындағы бос жұмыс орындардың үлесі 1,3% құрады.
Бос орындардың басым көпшілігі «кәсіби мамандар» қызметтің кәсіпкерлік тобы бойынша белгіленді – 7 978 бірлік, бос жұмыс орындарының жалпы санынан олардың үлесі 24,3% құрады, «өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа тектес қызметтердің жұмысшылары» - 6 335 бірлікті. «Өндірістік жабдық, операторлары, құрастырушылары және жүргізушілер» кәсіптік топ бойынша бос орындар саны 5 808 бірлікті, «қызмет көрсету және сауда саласының жұмыскерлері» – 3 473 бірлікті құрады.
Есепті кезеңге қызметкерлерге күтілетін қажеттілік 14 161 адамды, қызметкерлердің тізімдік санындағы олардың үлесі 0,6% құрады.
Ағымдағы жыл бойы едәуір көп сұраныс «кәсіби мамандар» – 3 100 адамды, «техник мамандар және басқа да кәсіби көмекші персоналдар» олардың тапшылығы – 2 404 адамды құрады және «қызмет көрсету және сауда саласының жымыскерлері» - 2 354 адам.
«Әкімшілендіру саласындағы қызметшілер» сұранысы аз болып табылады – 228 адам.
«Кәсіби мамандардың» білікті қызметкерлеріне басым қажеттілікке денсаулық сақтау саласындағы (1 158 адам) және ғылым және техника саласындағы (702 адам) ұйымдар тапшылық көруде.
Денсаулық сақтау саласындағы ұйымдарда техниктер, орта медициналық және фармацевтикалық персоналға (1 721 адам) сұраныс көп.
Экономикалық қызмет түрлері және меншік нысандары бойынша бос жұмыс орындары мен қызметкерлерге күтілетін қажеттілік
|
|
Есепті кезеңнің басына бос жұмыс орындар саны, бірлік |
Есепті кезеңге қызметкерлерге күтілетін қажеттілік, адам |
Оның ішінде |
||
|
мемлекеттік меншік |
жеке меншік |
шетелдік меншік |
|||
|
Барлығы |
32 823 |
14 161 |
2 588 |
9 471 |
2 102 |
|
Ауыл, орман және балық шаруашылығы |
423 |
640 |
x |
605 |
х |
|
Өнеркәсіп |
10 637 |
2 514 |
93 |
2 019 |
402 |
|
Құрылыс |
1 320 |
1 776 |
- |
1 086 |
690 |
|
Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу |
2 174 |
1 534 |
x |
1 129 |
399 |
|
Көлік және қоймалау |
6 073 |
748 |
x |
728 |
х |
|
Тұру және тамақтану бойынша қызметтер |
419 |
472 |
- |
417 |
55 |
|
Ақпарат және байланыс |
1 432 |
423 |
х |
237 |
168 |
|
Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар |
237 |
97 |
x |
45 |
x |
|
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет |
810 |
564 |
123 |
132 |
309 |
|
Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет |
1 738 |
1 301 |
194 |
1 057 |
x |
|
Білім беру |
1 768 |
554 |
393 |
161 |
- |
|
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер |
4 558 |
3 425 |
1 630 |
1 785 |
x |
|
Өнер, ойын-сауық және демалыс |
1 222 |
113 |
43 |
70 |
- |
*х - Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 8-бабының 5 тармағына сәйкес «Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, респондентті тікелей немесе жанама анықтауға немесе ол туралы алғашқы статистикалық деректерді айқындауға мүмкіндік беретін статистикалық ақпарат және деректер базалары құпия болып табылады және ол респонденттің келісімі болғанда ғана таратылуы мүмкін».
Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде бос жұмыс орындарының едәуір көп саны өнеркәсіпте – 10 637 бірлік, көлік және қоймалау саласында – 6 073 бірлік, ең азы жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларында – 237 бірлік қалыптасқан.
Денсаулық сақтау саласында (3 425 адам), өнеркәсіпте (2 514 адам), құрылыста (1 776 адам) және көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласындағы (1 534 адам) кадрларға едәуір көп тапшылық белгіленді және көрсетілген экономикалық қызмет түрлері бойынша қызметкерлерге күтілетін қажеттіліктегі үлесі 65,3% құрады.
Жеке меншік нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдарда қызметкерлерге күтілетін қажеттілік жалпы 2020 жылға 9 471 адамды құрады, одан өнеркәсіпте – 2 019 адам, денсаулық сақтау және әлеуметтік кызметтер саласында – 1 785 адам, көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласында – 1 129 адам.
Мемлекеттік меншік нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдарда басым көп қажеттілік денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласына келеді (1 630 адам). Мемлекеттік меншік нысандағы кәсіпорындардың қызметкерлерге жалпы күтілетін қажеттіліктегі үлесі 63,0% құрады.
2020 жылғы 1 қаңтарға өңірлер бөлінісінде бос жұмыс орындарының басым көп саны келесі өңірлерде қалыптасты: Нұр-Сұлтан қаласында – 5 409 бірлік, Алматы қаласында – 5 220 бірлік, Қарағанды облысында – 3 328 бірлік. Нұр-Сұлтан қаласында бос жұмыс орындарының көбі денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласында (1 177 бірлік), Алматы қаласында - көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласында (1 086 бірлік Қарағанды облысында өнеркәсіп саласында (1 229 бірлік) қалыптасты.
Өңірлер бойынша қызметкерлерге қажеттіліктің басым көпшілігі Алматы қаласында белгіленді 4 712 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 4 489 адам, Қарағанды облысында – 1 611 адамды құрады. Нұр-Сұлтан қаласында денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласында (1 787 адам) және көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласында (491 адам); Алматы қаласы бойынша денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласында (1 271 адам) және көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласында (760 адам); Қарағанды облысы бойынша өнеркәсіпте (631 адам), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметте (322 адам) кәсіпорындар мен ұйымдар кадрларға тапшылық көруде.
Зерттелген ірі және орта кәсіпорындардағы бос орындардың ең аз саны келесі өңірлерде белгіленді: Түркістан облысында – (348 адам), Қызылорда обласында – (400 адам) және Шымкент қаласында - (736 адам), қызметкерлердегі ең аз қажеттілік Павлодар облысында - (61 адам), Жамбыл облысында – (70 адам) және Қызылорда облысында - (74 адам) құрды.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы / Еңбек және жұмыспен қамтуизді сақтау
| Орындаушы: | Басқарма басшысы: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Сәметова А.Қ. | Белоносова Н.Е. | Алданғарқызы Ә. | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7(7172) 74-95-54 | Тел. +7 (7172) 74-90-22 | Тел.+7 (7172) 749002 | Мәңгілік ел көшесі, 8 |
| E-mail: a.aldangarkyzy@economy.gov.kz | Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті