
Үй шаруашылықтарын іріктеп тексеру нәтижелері бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (кедейлік деңгейі) төмен халықтың үлесі 2023 жылғы I тоқсанда 4,8% құрады.
2023 жылғы I тоқсандағы кедейлік деңгейінің ең жоғары мәні Түркістан (8,1%) облысында, ал ең азы – Астана қаласында (1,9%) тіркелді.

Кедейлік қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі қатты әсер етеді. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2023 жылғы I тоқсанының қорытындысы бойынша 8,5%-ды құрады, бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жуық артық.

Анықтама үшін: Кедейлік деңгейі тұтынуға пайдаланылған ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халық санының халықтың жалпы санына пайызбен өлшенген қатынасы.ҚР бойынша 2023 жылғы I тоқсанда айына орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 45948 теңгені құрады.