
АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігінің Ұлттық статистика қызметінің сарапшылары аграрлық сектордың статистикасын жақсарту мәселелері бойынша семинар өткізді
АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігінің Ұлттық статистика қызметінің сарапшылары Виллиам Вагнер мен Люкенбэх Дэвид Карл Ұлттық статистика бюросының, сондай-ақ ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қызметкерлеріне аграрлық сектор статистикасы мәселелері бойынша семинар өткізді.
Оқыту барысында бастапқы деректерді редакциялау, жерді қашықтан зондтау деректерін статистикалық мақсаттарда пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, мамандар статистикалық нысандардың бланкілерін тестілеу ерекшеліктері мен деректерді жинау әдістері жайында айтты.
Еске салайық, 2023 жылдың наурызында Бюро мен АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ұлттық статистика қызметі арасында ауыл шаруашылығы статистикасын жақсартуға бағытталған бірлескен жоба іске қосылған.